Вторник, 18 февраля 2020 02:56

Ақмола облысында 21 рет алаяқтық жасаған әйел ұсталды


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы жарнама беріп, 21 рет алаяқтық жасаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает Роспрес

Ведомствоның мәліметінше, күдікті арам ойын танымал әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырып келген. Мәселен, 2019 жылдың шілдесі мен желтоқсан айы аралығында «ОЛХ» әлеуметтік желісі арқылы Көкшетау қаласында пәтер жалға берілетіні туралы жарнама жариялаған.

«Зардап шеккендердің басым көпшілігі арзанға пәтер жалдамақ болған студенттер. Ең бірінші полицияға Көкшетау қаласындағы 19 жастағы студент қыздан арыз түсті. Одан кейін тағы жергілікті 20 адамнан арызданды»,- дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, алаяқ әйел жарнама бойынша қоңырау шалған «клиенттеріне» пәтер іздеген адамның көптігін айтып, алдын ала жарна төлеуін талап еткен. Ол үшін күдікті «WhatsApp» мессенджері арқылы жалған құжаттар мен фото жіберіп отырған. Осылайша, көшетаулықтардан алдап 30000 және 40000 теңге ақша алған соң күдікті кейін байланысқа шықпай қойған. Ақша әртүрлі жолмен алған. Тіпті, «Kaspi Gold» арқылы да алғаны да анықталды.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті ретінде Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің осындай қылмысы үшін бұрын істі болғаны анықталды. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деп толықтырды ведомстводан.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-21-ret-alayaktyk-zhasagan-ayel-ustaldy_a3615633”

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.