Суббота, 30 мая 2020 01:47

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы көлік қағып кетті


ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает Репортер

Оқиға бүгін сағат 17.30 шамасында Қайырбеков және Рабочая көшелерінің қиылысында болған.

«Opel Frontera көлігінің жүргізушісі КСК шағын ауданына бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы қағып кеткен. Көлікті 54 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан. Бала ауруханаға жеткізілді», — дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша баланың жамбасы сынған.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kostanayda-zhayau-zhurginshiler-zholagynda-8-zhasar-balany-kolik-kagyp-ketti_a3655872”

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.